15 жастағы қыз өз әкесінен сәбилі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қырғызстанның Ош қаласында 15 жастағы қыз өз әкесінен жүкті болып қалып, сәбиін босанды.

15 жастағы қыз өз әкесінен сәбилі болды

Өз әкесінен жүкті болып қалған қыз мерзімінен бұрын босаныпты. Оған ота жасалған. Артынша ол сәбиінен бас тартқан. Оның бұл шешімін жақындары да қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Служба новостей Центральной Азии» басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің сөзінше, жас ананың да, сәбидің де жағдайы жақсы. Әзірге нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оны бақылауға алған. Артынша ол сауықтыру орталығына жіберіледі. 

Басылым мәліметінше, 15 жастағы қыздың анасы 6 жыл бұрын қайтыс болған. Қыз аға-әпкелерімен бірге әкесімен бір үйде тұрыпты. Ол мектепте оқымаған екен. 

Биылғы жылдың қаңтар айында ер адам тұтқындалып, зорлық жасады деп айыпталған. Ол сот алдында жауап беруде. Қазіргі уақытта аталған іске қатысты сот тыңдалымы өтіп жатыр. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің психикасы бұзылған.

 

stan.kz