15 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалған
Сот процесі жабық режимде қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта өтті. 42 жастағы ер адам осы жылдың ақпан айында қызын бірнеше рет зорлаған. Нәтижесінде қыз жүкті болып шықты.
Сотта ер адам кінәні мойындады, бірақ қыз оның туған қызы емес екенін және өзі жақындыққа келіскенін мәлімдеді.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында ол биологиялық әке емес екенін білді, өйткені бұл тиісті молекулалық-генетикалық сараптаманың қорытындысымен расталды. Бірақ жаза одан өзгермейді. Қылмыс жасалған кезде ол оны туған қызы деп санады, ал қыз оған ата-ана ретінде қараған», — деп Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев түсіндірді.
Сотта қалған мәліметтерді айтудан бас тартылды, өйткені іс кәмелетке толмағанның жеке өміріне қатысты.
Ер адам орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол үкімге шағымданды, бірақ облыстық сот оны күшінде қалдырды.