15 тамызда қандай іс-шаралар өтеді

0

15 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.20 – Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда бұқаралық спорт түрлерін дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Шараға ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысады (Аккредитация +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

16.00 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалі ашылады. Фестивальді елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен «Современник» халық жастар театры ұйымдастырады (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

16.00 – Нұр-Сұлтандағы Үндістан күндері аясында «Ғажайып Үндістан: көркінен көз сүрінетін плюралистикалық мәдениет» атты фотокөрме өтеді. Көрме 19 тамызға дейін жұмыс істейді (Ұлттық академиялық кітапхана, Достық көшесі 11).

17.30 – Үнді мәдени фестивалі өтеді. Шара аясында Свами Вивекананди атындағы мәдени орталықтың оқытушылары мен студенттері арнайы мәдени іс-шара ұйымдастырады. Сондай-ақ йога ұстазы Трилока Нараяна Тарака арнайы шеберлік сағатын өткізеді. Сонымен қатар Арбат-Астана аумағында үнді косметикасы және шайы сатылады. (Арбат-Астана, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының маңы, Әзірбайжан Мәмбетов 1).

19.00 – Нұр-Сұлтандағы Үндістан күндері аясында «Үндістан дәмі: үнді асханасының фестивалі» шарасының ашылу салтанаты өтеді. (The St. Regis Hotel қонақ үйі, Қабанбай батыр, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – «Fourэ 2019» X мерейтойлық эко-этно фестивалі. Аталған шара аясында сан алуан спорттық және шығармашылық шаралар ұйымдастырылады. Үш күн бойы кешке қарай шетелдік және отандық әншілердің қатысуымен музыкалық концерттер өтеді. (Алматыдан 35 шақырым шалғай орналасқан Almaty Horse&Polo Club ат спорты кешені. Байланыс телефоны +7 (708) 624 3135).

12.00 – «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының 65 жылдығына арналған пресс-бранч. Шарада курортты дамыту және туристерді көптеп тарту жоспарлары қаралады.  («Шымбұлақ» курорты, S.N.e.G. рестораны, Аккредитация +7 (707) 610 36 22 телефоны бойынша жасалады).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00 – Халықаралық армия ойындарының жабылу салтанаты. Биыл осы жарыстарға 12 ел – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Мысыр, Зимбабве, Иран, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Сирия мен Өзбекстанның өкілдері келді. (Гвардейский кенті, «Отар» әскери базасы. Байланыс телефондары: +7 (7172) 72 15 59, +7 (7172) 72 14 23, +7 (7172) 72 16 31).

16 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

07.00 – Халықаралық және азиялық қарым-қатынастарға арналған Гарвард жобасы бойынша Азия коференциясының (Harvard College Project for Asian and International Relations Asia Conference 2019) ашылуы. Конференцияға 500-ден астам адам қатысады. Алты тақырыптық сессия болады. Олар – өнер, медиа мен мәдениет, қоршаған орта мен энергетиканың тұрақтылығы, мемлекеттік басқару және геосаясат, жаһандық нарықтар және әлемдік экономика, әлеуметтік саясат мен әділ сот, ғылым мен технологиялар. (Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53).

10.00 – Тамыз конференциясы – 2019: «KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN!» тақырыбында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен пленарлық отырыс өтеді. Конференцияда білім, ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мұғалімдер марапатталады (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы 52, Аккредитация +7 (702) 725 97 13, +7 (7172) 74 21 29 телефондары және pressa.edu@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00-19.00 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің қойылымдары. «Современник» театры байқаудан тыс Оскар Уайльдтың пьесасы бойынша «Как важно быть серьезным» спектаклін көрсетеді. Барлық қойылымға кіру тегін (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

20.30 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалінің жабылу салтанаты (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

17 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — Astana Off-Road 2019 кубогы үшін трофи-спринт. («Стекляшка» көлі, байланыс телефоны +7 702 723 08 88).

16.00 – Үлкен танго-флэшмоб. Аталған шара бір күнде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Латвия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекеттерде өтеді. (Елордадағы орталық саябақ).

АЛМАТЫ

09.30 – Корей мәдениеті күндері. Соның аясында шахмат турнирі мен концерт ұйымдастырылады. Сол жерде мемлекеттік республикалық академиялық корей театры мен корей ұлттық орталығының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. (Орталық саябақ, «Жазғы сахна»).

12.00 — Summer Fest музыкалық фестивалі. Сахнаға Hiro, Introvert, Bonapart мен Abdr сынды орындаушылар шығады. Кештің хедлайнерлері – Ghetto Dogs тобы (Delight pool day club, Гоголь көшесі 1/2).

20.00 – Үлкен танго-флэшмобы. Аталған шара бір күнде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Латвия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекетерде өтеді. («Рамстор» сауда орталығы, Фурманов көшесі, 226).

18 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.30 — XII Қысқы қайырымдылық балына құрметті дебютанттарды іріктеу кастингі. Қысқы қайырымдылық балы – елорданың ауқымды шараларының бірі. («Болашақ» қоры, Қонаев көшесі, 12/1).

АЛМАТЫ

08.00 — Tour of World Class Almaty 2019 жыл сайынғы веложарыс. Аталған шара осымен алтыншы рет ұйымдастырылады. Жарыстың бағдары Әл-Фараби даңғылымен, сондай-ақ Саин, Момышұлы мен Розыбакиев көшелерімен өтеді. Жеңімпаздар үш қашықтық- 14 шақырым, 34 шақырым және 57 шақырым бойынша анықталады. Жарысқа 850 велошабандоз қатысады. (Mega Center Alma-Ata орталығы. Аккредитация +7 (727) 311 51 85 мен +7 771 439 83 53 телефондары арқылы жүргізіледі).

19 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

09.00 – «Балалық шақ 2019» халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. Көрме аясында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге фестиваль ұйымдастырылады («Атамекен» халықаралық көрмесі, Байланыс +7 (727) 390 75 93).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz