15 шілдеге дейін вакцина салдыру керек – бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы

0

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қызмет көрсету саласының қызметкерлері 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндеттеліп отыр.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 6-1-тармағында белгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары:

  • 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;
  • профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
  • COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін, делінген қаулыда.

Вакцинаны кімдерге салдырмауға рұқсат етілген

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар тұрғындар;
  • соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғандар.

Осы қаулының орындалуын бас санитар дәрігер өз бақылауында қалдырды. Құжат 2021 жылдың 2 шілдесі сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.