15 қараша күнгі ауа райы болжамы
15 қарашада ел аумағының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі,
Қарағанды, Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз таулы аймақтарда 25 м/с.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болуы мүмкін.