15 мың АҚШ долларын алған: ҰҚК полковнигі 6 жылға сотталды

0
1137
Фото: 365info.kz

Сот бас бостандығынан айырылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигіне қатысты үкімін өзгертті, бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі айтты.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Есіл аудандық сотының үкімімен биылғы жылдың 25 қаңтарында ҰР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Е.Е. Арыстан мен оның жұбайы Э.Дүйсенқызы алаяқтық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылған еді. Ал Е.Е.Арыстан қосымша пара беруге мәжбүрлеу әрекеті бойынша да айыпталды.

Сотталғандар адамдар тобының сеніміне кіре отырып, алдын ала келісіп алып, зардап шеккен азаматтың баласын ҚР ҰҚК академиясына түсіреміз деген желеумен 15 мың АҚШ долларын алған.

2021 жылдың 10 наурызы күні Нұр-Сұлтан қаласының соты аталған үкімді өзгертті. Е.Е.Арыстановқа «лауазым иесі өзінің өкілеттігін пайдалана отырып» алаяқтық жасады деген айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істей ете алмайды. Ал жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Оның жұбайы Э.Дүйсенқызына қатысты үкім өзгеріссіз қалды.