15 мамыр — отбасы күні: атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 135-ші күн. Жыл соңына дейін 230 күн бар

15 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            15 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық климат күні тойланады. Осы бір бейресми экологиялық мейрам метеорологтардың климатты қорғау туралы үндеуіне жауап ретінде бекітілді. Климатты сақтау – адамзат алдындағы жаһандық мәселе. Жаһандық жылыну, атмосфера қабатындағы озонның көбеюі, табиғи катаклизмалар, планетадағы ауа райының өзгеруі – мұның бәрі Жердің климатын құртып, салдарынан азық-түлік, адамдардың өмірі мен мүлкіне теріс әсер етеді, табиғи ресурстар мен мемлекеттің тұрғылықты дамуына кедергі жасайды.

Бүгін — Халықаралық отбасы күні. БҰҰ 1993 жылы осындай шешім қабылдаған,  содан бері әлемнің көптеген елінде тойланып жүр. Отбасы – қоғам мен мемлекеттің негізі, даму мен тұрақтылықтың көзі. Сол себепті мемлекет оны қорғауға үлкен мән береді. Мерекенің мақсаты – қоғам назарын отбасы саласындағы проблемаға аудару. Отбасы – өте көпқырлы институт, қоршаған ортаға сай дамып отырады: елу жыл бұрынғы отбасылық қарым-қатынастағы қағидалар қазіргі заманда ешқандай маңызды рөл атқармайды.

Бүгін – Мәскеу метрополитенінің күні. 1935 жылы 15 мамырда Мәскеу халқы мен қонақтары үшін айтулы оқиға болды. Осы күні таңғы сағат жетіде Мәскеу метрополитенінің алғашқы желісі салтанатты түрде іске қосылды, ол қалалықтардың сүйікті орындарын өзара байланыстыратын – Сокольники мен Мәдениет саябағы. Желінің ұзындығы небәрі 11,2 км еді, он үш станциясы адамдарды ерекше көркемдігімен таңғалдырған. Ал қазір Мәскеу метросы 295 шақырымға созылып жатыр, он екі желіден тұрады. Оның құрамына монорельстік жол да кіреді, күніне 9 миллионнан астам адамды тасымалдай алады. Мәскеу метросы әлемдегі ең әдемі метро болып танылған, әрі қарай кеңейіп, дамып жатыр. Ал оның құрылысына қатысы бар барлық адам бүгін Мәскеу метрополитені күнін атап өтеді.

            15 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1918 жылы АҚШ-та әлемдегі алғашқы әуе поштасы жұмыс істей бастады;

1928 жылы Микки Маус кейіпкері алғаш пайда болды;

1969 жылы Пол Маккартни болашақ әйелі Линда Истманды алғаш кезіктірді;

2001 жылы «CSX 8888 оқиғасы» болды: Огайо штатында ешкім басқармаған пойыз екі сағат ішінде 76 км/сағ жылдамдықпен 106 км қашықтықты жүріп өтті. Пойыз жүгінің арасында қауіпті химикаттар да болған еді. 2010 жылы оқиға желісімен «Неуправляемый» фильмі түсірілді.

            15 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды;

2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан және Доминика Достастығының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері бірлескен коммюникеге қол қойып, дипломатиялық қатынас орнатты;

2014 жылы Астанада G-global алаңында әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар онлайн-конференция өткізді.

            15 мамырда әлемде дүниеге келген тұлғалар

1881 жылы орыс жазушысы, драматург, театр режиссері және актері Михаил Булгаков дүниеге келді;

1938 жылы француз актрисасы Мирей Дарк дүниеге келді. Көпшілікке «Высокий блондин в черном ботинке» фильмімен таныс. 15 жыл Ален Делонның азаматтық некедегі жары болды;

1940 жылы кеңестік және ресейлік актриса Светлана Светличная дүниеге келді: Фильмдері  – «Бриллиантовая рука», «17 мгновений весны» және «Место встречи изменить нельзя»;

1980 жылы ресейлік әнші және актриса Анастасия Сланевская (Слава деген атпен белгілі) дүниеге келді. «Параграф 78» фильміне түскен.

            15 мамырда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1920 жылы белгілі қазақ жазушысы Сәуірбек Бақбергенов дүниеге келді;

1944 жылы ақын, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Жаркен Бөдешұлы дүниеге келді;

1947 жылы Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткер, дипломат Нұртай Әбіқаев дүниеге келді;

1959 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» кинокомпаниясының актері Ерік Жолжақсынов дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова дүниеге келді;

1984 жылы гимнаст, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолюттік чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, екі Олимпиада ойынының қатысушысы Әлия Юсупова дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Таразы жұлдызында орналасады. Бұл күні айналаңыздағы жандардың ықыласына ие болып, көптеген мақтау сөз естисіз, бірақ оған беріліп кетуге болмайды. Ақыл-есіңіздер айырылып, ғашықтық сезімі баурап алуы мүмкін, бірақ артынан опық жеп, бармағыңызды тістеп қалмаңыз.



sputniknews.kz