15, 16, 17 қарашаға ауа райы болжамы

0
230

15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Суық жəне кең алқапты антициклон Қазақстанның ауа райына əлі де əсерін сақтайды. Республиканың басым облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар ауа температурасының аздаған жоғарылауы күтіледі», — деп хабарлайды синоптиктер.

Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде кей жерлерде аздаған қар, ал 17 қарашада батыстан соққан жел күшейіп, бұрқасындатады.