1484 ОТБАСЫНА КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИК ОРНАТЫЛУДА

0
Бүгін Облыс әкімі Қ. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 2019-2020 жылдардағы су тасқынының алдын алу шаралары,  жылыту маусымы кезінде көмір-қышқыл газына улану жағдайы және жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мен облыс аумағындағы 2019-2020 жылдардағы қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігіне дайындық шаралары турасында айтылды.
Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасуына байланысты қыс-көктем айларындағы мұз қату және сең жүру кезеңдерінде елді мекендерді су басу қауіпі төнеді. Осыған сәйкес, жылма-жыл су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Қорғаныс бөгеттерін жөндеу жұмыстары бойынша өзен бойы қауіпті деген 26 учаскенің ұзындығы 18,5 шақырымды құрайтын 21 учаскесінде жұмыстары аяқталған.  Қалған 5 учаскесінде жұмыстар әліде жалғасуда. Жөндеу жұмыстары 15-ші қарашада аяқталады  деп жоспарланған. Жалпы өзен бойы қорғаныс бөгеттерінің тұсы қауіпті 56 су басу аймақтарына бөлініп, оған 126 жауапты мекемелер бекітілген. Техника саны 411 бірлікті және 1359 адам күшін құрайды.
«Жыл сайын су тасқынының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданып, уақтылы тапсырмалар беріліп, мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында қорғаныс бөгеттерінің жағдайларына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жөндеу, күшейту және қалпына келтіру жұмыстары жасалынып келеді. Биылғы жылы да облыстың барлық аудандарында осындай алдын ала дайындық шараларын уақтылы әрі сапалы жүргізіп, облыс аумағындағы Сырдария өзені арнасынан мол суды төтенше оқиғасыз өткізуіміз қажет.»- деді Қуанышбек Ысқақов
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 жылдардың қысқы мезгілінде Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында көліктер мен жолаушылардың қар құрсауында қалуына байланысты 8 рет авариялық құтқару жұмыстары жүргізілген.
Облыс әкімі Қ.Ысқақов «Қызылорда- Жезқазған республикалық маңыздағы жол екендігі белгілі, оны күтіп ұстаушы мекеме күнделікті ауа-райы болжамын ескеріп, қауіпті деген жол учаскелеріне қар тазалайтын техникаларын жақын орналастырулары керек. Күрделі метеорологиялық жағдайларда жол бойы мониторинг жұмыстары жүргізілуі тиіс.»- деді аймақ басшысы