Home Жаңалықтар «14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылады»: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берді

«14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылады»: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берді

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпаратпен бөлісіп жатыр.

0
1046

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпаратпен бөлісіп жатыр. Хабарлама Премьер-Министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – бұрмаланған  ақпарат.

"14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылады": Премьер-Министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берді

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – жалған. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң карантин енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.