14 желтоқсан күнгі ауа райы
“Қазгидрометтің” хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 14 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасын соғады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жаланашкөл көлі аймағында екпіні секундына 18-26 метрге жететін жел соғады. Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын соғады. Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн тұманды болады.
Дереккөз: Baribar.kz