14 жастағы қызды зорлап, жүкті қылған молдаға үкім шықты

Қылмыскер енді 20 жылын түрмеде өткізеді.

0
2445

14 жастағы қызды зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ЭК.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, сотталушы Қарағанды облысындағы ауыл мешітінде молда болған.

Сот 14 жастағы қызды зорлады деп айып тағылған молдаға үкім шығарды. Қылмыскер енді 20 жылын түрмеде өткізеді.

Айта кетейік, сотталушы жас қызды 2020 жылдың қаңтар айында үйінде ешкім болмаған кезде зорлаған және ол әрекетін бірнеше ай бойы жалғастырып келген. Зорланған қыз молдадан жүкті болып қалған. Сотта оның қылмысы толық дәлелін тапты.

Оның қылмысы толық дәлелденді. Куәлерден, жәбірленушіден жауап алынды. ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігімен іс қозғалды. Бұл бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — деді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.