14 жастағы хакерлер Өзбекстан Сенатының сайтын бұзды

0
71

Marsh Golden хакерлік тобына біріккен 14 жастағы жасөспірімдер Өзбекстанның мемлекеттік органдарының бірқатар сайттарын бұзды. 

Podrobno.uz. хабарлағандай топ жетекшісі сайттар жақсы мақсаттар үшін бұзылғанын мәлімдеді. Дәлірек айтқанда,  биліктің техникалық тұрғыдан осалдығын көрсету үшін осындай қадамға барған.

Бірақ бұл іс аяқталған жоқ, жастар мемлекетке мемлекеттік құрылымдар сайттарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек ұсынды. Бұған билік әлі жауап берген жоқ.

t.me/orda_kz
Фото: ru.despositphotos.com