14 ұшақ: Орыс әскері кетуде

0

Бүгін, 17 қаңтарда Ресейдің ҰҚШҰ әскері Ил-76 әскери-көлік авиациясының барлық 14 ұшағы Қазақстаннан Чкаловский аэродромына барды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Чкаловский аэродромында Әуе-десанттық күштердің әскери қызметшілері қару-жарақ, әскери техникаларды түсіріп жатыр. Одан кейін олар тұрақты орналастыру пунктіне аттанады. Сондай-ақ бүгін Ресей Аэроғарыш күштерінің әскери-көлік авиациясының Ил-76 ұшағы әскери күштер ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамындағы тапсырмаларды орындаған Әуе десанттық күштері бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасын Ульянов облысындағы «Восточный» аэродромына жеткізеді», — делінген Интерфакс агенттігінің әскери ведомствосының хабарламасында.