14 млн теңге пара: Алматыда мәйітхана директоры ұсталды

0
45

Алматыдағы мәйітхана директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратурамен бірлесіп «Қалалық патологиялық бюроның» директорын ұстады.

«Ол қалада салынып жатқан патологиялық-анатомиялық бюрода медициналық жабдықты жеткізуді қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді», – деді органдағылар.

Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторына қамалған.