14 585 теңге: Вакцина салудан бас тартқаны үшін айыппұл көлемі белгілі болды

0
459

10 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша азаматтарды жұмыс орындарында ішінара тексеру басталады. Вакцина салғызбай жұмысқа шыққандарды не күтіп тұр, оларға айыппұл салынатыны рас па, айыппұлдың мөлшері қанша деген сұрақтарға  жауап табуға тырыстық.

Біріншіден, қызметкер екпе салғызбаса айыппұл жұмыс берушіге салынады. Ал екпе салғызбаған қызметкерге айыппұл салынбайды.

  • Жеке тұлғалар мен жалғыз жұмыс істейтін жеке кәсіпкерге – 5 АЕК (14 585 теңге);

  • Лауазымды тұлғаларға – 15 АЕК (43 755);

  • Шағын кәсіпкерлік немесе комерциялық емес ұйымдар субъектілеріне –   100 АЕК (291 700);

  • Орта кәсіпкерлік субъектілеріне –   200 АЕК (583 400);

  • Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне –   500 АЕК (1458 500).

Алайда ол азамат өзі құрған жеке кәсіпкерлікте жалғыз қызметкер болса, онда жұмыс орнына екпе салдырмай келгені үшін оған жеке тұлға ретінде 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сондықтан екпе салдырмаған қызметкерлер әр апта сайын ПТР-тест тапсыруы қажет. Ал егер қызметкер медицина тұрғысынан дәлелді себебі бар болса, неболмаса үш ай бұрын коронавируспен ауырса екпе салғызбайды.