14-22 наурыз аралығындағы күндер атауы мен мағынасы

0
267

14-22 наурыз аралығындағы күндер атауы мен мағынасы

Жыл бастауы – Наурыз! Күллі түркі халықтарының арасында бұл мереке – көктемнің келіп, жаңа жылдың басталғанын білдіреді.

Наурыз айы басталысымен әр күнге атау беріліп, оның мән-маңызы жастарға түсіндірілген.

«Қауышу күні» – Еліміздің батыс өңірлерінде бұл күні «көрісу» амалы жасалады. Шығыста «амал көже», «тілеу көже» ұғымдары бар. Наурыз мейрамы туралы көне жазбаларда да бұл күні адамдардың бір-біріне сәлем бере барғаны айтылады (14 наурыз).

«Тағзым күні» – Бұл күні, ата-бабалар рухына Құран бағыштап, жеті шелпек пісіру, Наурыз мейрамының қарсаңында жасалатын игі істердің қатарына кіреді (15 наурыз).

«Алас күні» – «Алас» ұғымының астарында тазалану, тазару деген мағына бар. Ұлыстың ұлы күні келер шақта тазалану табиғатқа да тән (16 наурыз).

«Шаттық күні» – Бұл күні қазақ тіпті қайын аға мен келінді де күрестіріп, кемпірлерді жарыстырған. Ойын-сауық құрған (17 наурыз).

«Өніс күні» – Ата-бабаларымыз бұл мейрам кезінде жарлы-жақыбайға қайырымдылық жасауды да ұмытпаған. Бұл халқымыздың жомарттығының көрінісі саналатын дәстүр (18 наурыз).

«Береке күні» – Наурыз табиғаттың жаңғыруы ғана емес, өсіп-өнудің басы саналады. Сол себепті Ұлыстың ұлы күнінде туған төлді «Наурызтөл», жауған қарды «Наурызша», гүлді «Наурызшешек» деп атаған (19 наурыз).

«Жайнау күні» – Ұлыстың ұлы күнінде ата-бабаларымыз жаңа киімдерін киіп, мүмкіндігінше үй ішін жаңалап, жайнатып қоюға тырысқан (20 наурыз).

«Үйлесім күні» – Бұл күн мен түннің теңеліп, әдемі үйлесімділікке келген тұсы (21 наурыз).

«Ұлыс күні» – мерекелердің төресі саналған қазақта. Бұл күні бата жасалып, үлкен той-думан ұйымдастырылған. Ұлыс күні тарихы мыңдаған жылдарға кететін ұлттық мейрам (22 наурыз).

 

http://inform.kz