14, 15, 16 қаңтарда ауа райы қандай болады

0

Қазгидромет 14-16 қаңтардағы ауа райына болжам жасады, республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар –Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, сондай-ақ ертең бірқатар облыста дабылды ескерту жарияланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, Ресейдің арктикалық жағалауынан циклондар бірінен кейін бірі ығысып, атлантикалық жылы және ылғалды ауа алып келеді. Осы циклондармен байланысты атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен қар жауып, бұрқасындатады, батыстан қатты жел соғады.

«Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік облыстарда – бұрқасын, оңтүстікте – тұман және көктайғақ сақталады», — деп хабарлады Қазгидромет.

Десе де еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен жоғары, ал оңтүстікте нормаға жақын болады.

Дабылды ескерту

Синоптиктер 14 қаңтарда бірнеше өңірде дабылды ескерту де жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Петропавлда бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 25 м/с жел соғады.

Тағы оқыңыз: Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?

Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында да қар жауып, бұрқасындатады. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.

Ақтөбе облысының кейбір аймағында – бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде де тұман, бұрқасын, күндіз қатты жел болжанып отыр.

Қызылорда облысында күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.



sputniknews.kz