1300 теңге мен алтын сырға үшін: Алматыда ер адам зейнеткердің денесін тіліп тастаған — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда зейнеткерге пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол кейуанадан бағалы заттары мен ақшасын тартып алуды ойлаған. Алайда зейнеткерден 1300 теңге мен алтын сырғадан басқа бағалы зат таппапты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Полиция мәліметінше, оқиға Алатау ауданында орын алған. Егде жастағы әйел құқық қорғаушыларға жүгініп, өзіне пышақпен шабуыл жасалғанын айтқан.
Ер адам кейуананың үйіне кіру үшін оны алдаған екен. Ол үйге кіргеннен кейін зейнеткерге пышақпен тап берген. Артынша оны ұрып-соғып, ақшасы мен бағалы заттарының бәрін беруді талап етіпті.
Зардап шеккен кейуана оған жинаған ақшасы мен бағалы бұйымдары жоқ екенін айтады. Алайда ер адам зейнеткердің сөзіне сенбей, пышақпен жарақаттапты. Шабуылдан кейін кейуананың денесі мен басында жара мен пышақ із жалған.
Алматы қалалық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақовтың сөзінше, келтірілген зиянның жалпы көлемі 16 300 теңгені құрайды. Сонымен қатар ол күдіктінің аз уақыттың ішінде қолға түскенін айтты.
Кейуанаға шабуыл жасаған 1982 жылғы ер адам болып шықты. Ол бұған дейін мүліктік қылмыстары үшін жауапқа тартылған екен.
Полицейлер күдіктінің тұтқындады. Ол өз әрекетін мойындады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz