130 мыңға жуық кәсіпорында жұмысшылардың жалақысы көбейеді
Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың қызметкердің жалақысын көтереді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 миллион адам болатын 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екенін білдірді, – делінген ведомствоның хабарламасында.
Бұл жұмыс берушілердің ішінде 1 235-ы – ірі кәсіпкерлік субьектісі, 1 711-і – орта кәсіпкерлік кәсіпорны, 125 мыңы – шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Бұл кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18%-ға, яғни 41,5 мың теңгеден 55,2 мың теңгеге дейін өседі. Еске салайық, елімізде ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруді Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан еді.
Дереккөз: Baribar.kz