13 желтоқсанда ауа райы қандай болады




Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Маңғыстау, Aтырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі.
Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Aқтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 18 м/с күшейеді.
Aқмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ