13 жасынан бастап жұмыс істеген: Егіз ұл ата-анасының ипотекасын жауып берді

0

20 жастағы қос егіз компьютерлік ойындар жасап, тапқан табысын ата-анасының ипотекасын жауып беруге жұмсады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Англиялық Бен мен Мэттью Хортондар небәрі 13 жасынан бастап өз бетінше ақша тауып үйренген. Олар ең бірінші  Roblox платформасы арқылы компьютерлік ойын құрастырған.  Алғашқы табыстарын осылай тапқан. Айтуларынша, бұл ақшаны тәтті кәмпиттерге жұмсаған. Десе де балаларының банктегі шоттарында ақшасы барын білген олардың ата-аналары бұған күдікпен қараған. Бастапқыда ата-анасы балалары есірткі сатып жүр деп ойлаған.

Екеуі де 16 жастан кейін мектепке бармай қояды. Мэтью ойын кейіпкерлерінің видеолық бет-мүсіндеріне көңіл бөлсе, ал Бен ойынның құрылымдық жағымен айналысыпты. Артынша ойын құрастырудан түскен ақшаға олар ата-анасының ипотекасын жауып береді. Қазір олар АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына көшуді жоспарлапты.

Бүгінгі күні егіздер Roblox платформасы арқылы 21 ойын жасап шығарға, Айтуларынша, әсіресе пандемия кезінде олардың өнімдерінің танымалдылығы 30-40%-ға артқан.