Домой Жаңалықтар 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген азамат Алматыда ұсталды

13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген азамат Алматыда ұсталды

0
43

Жамбыл облысы ПД жедел тобы 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген ер азаматты Алматы қаласында ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті 2021 жылы мамыр айында Жамбыл облысы Меркі ауылында 13 жастағы тұрғынды зорлаған. Айта кетейік, ІІМ ел аумағында ТМД елдерімен бірлесіп «Іздестіру» операциясын өткізді. Оның барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы операцияларды өткізді.