13 жастағы өгей қызын зорлаған: Атырауда ер адам ұсталды
Атырауда ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлады деп айыпталып отыр.
Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды. «НемолчиKZ» тобы сұмдық оқиға туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қазір Атырауда 13 жастағы қыз педофил өгей әкесінің бостандықта жүргенінен қорқады. Ол күн сайын өзіне және анасына қоқан-лоққы көрсетіп, дыбыстық хабарламалар жіберіп жатқанын айтады. Ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылықтың салдарынан ауыр психологиялық жарақат алған. Салған суреттеріне өте ауыр соққы алғанын байқауға болады. Психологтер дабыл қағып, мамандармен жұмыс жүргізу керек екенін айтады», — деп жазды қоғам қайраткерлері.
Қыздың анасы отбасын жалғыз асырап отыр. Қазір қызына алаңдап, жұмыс істей алмай жүр.
Қоғам белсенділері Атырау облысы полиция бөлімінің басшысы Қамзе Үмбетқалиевтен қыздың өгей әкесін қамауға алуды сұрады.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамға жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Істі жан-жақты, толық және объективті тергеу үшін бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша заңды іс жүргізу шешімі шығарылады. Қылмыстық істі тергеудің барысы департамент басшылығының жеке бақылауында», — деп хабарлады полициядан.