13 жастағы боксшының өлімінен кейін балалар жекпе-жегіне тыйым салынбақ

0
13 жастағы боксшының өлімінен кейін балалар жекпе-жегіне тыйым салынбақ


Таиландтың 13 жастағы боксшысы отбасын асырау үшін жекпе-жекке шығып жүрген.

Кездесулердің бірінен соң жасөспірімнің миына қан құйылып көз жұмды. Таиланд парламенті балалардың қатысуымен өтетін жекпе-жектерге тыйым салу туралы заңды қарастырып жатыр.

12 жасқа толмаған балаларға рингке шығуға мүлдем тыйым салынбақ. Ал 12 мен 15 жас аралығындағы спортшыларды заң бойынша тіркеуге алатын болады. Жаңа ережеге сәйкес жекпе-жекке шығу үшін ата-анасының рұқсаты мен қорғаныс киімі болуы міндетті.

Мұндай заңның қарастырылуына 13 жасар муай-тай шебері Анучи Тасаконың өлімі себеп болған, жекпе-жектен кейін екі күн өткен соң боксшының миына қан құйылып көз жұмыпты. Оқиға Таиландта жұртшылықты дүрліктірген.

Жас боксшы Тасако сегіз жастан бастап жекпе-жекке шыға бастаған. Тай боксы бойынша 170 кездесуді бастан өткеріпті. Бала үшін бұл спорт түрі отбасын асыраудың көзі болған.

Дереккөз: Sputnik