13 тамызда қандай іс-шаралар болады

0

Sputnik Қазақстан 13 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 14, 15 және 16 тамыз аралығында болатын оқиғалар туралы біле аласыз

13 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалуы, жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралады. Үкіметтің отырысынан соң, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен пресс-конференция өтеді (Үкімет үйі, Мәңгілік ел 6, Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 және [email protected] электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – Халықаралық сарапшы Анжела Вицанидің қатысуымен ішкі аудиторлардың ұлттық конференциясы өтеді. Конференцияны Қазақстанның қаржы министрлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығының бюросымен және Қазақстан ішкі аудиторларының институтымен бірлесіп ұйымдастырады (ЭКСПО аумағы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/23, С4 блогы. Аккредитацияны +7 (7172) 75 03 75, 75-03-42, 75-02-31 немесе [email protected] поштасы арқылы жасауға болады).

11.00 – Кедендік одақтың регламентіне сәйкес шикі сүтті өңдейтін кәсіпорындарды талапқа сай сүтпен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді («Парасат» бизнес орталығы, Республика даңғылы, 24. Аккредитация +7 777 020 12 60 және [email protected] электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

16.20 – «2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған мемлекеттік кірістер комитетінің жұмыс қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға мемлекеттік кірістер комитетітінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысады (Аккредитация +7(7172) 55 93 38 телефоны және [email protected] электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

17.00 – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» және «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» арасында экологиялық туризмді дамыту бойынша шарттарға қол қойылады. (Аккредитация +7 (7172) 74-09-24, +77072888413 және [email protected] поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстандағы қаржы пирамидаларына арналған баспасөз мәслихаты. Шараға Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы сауаттылығын және қаржы қызметінің сапасын арттыру орталығының басқарушы директоры Ләззат Үсенбекова, «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» ҚҚ сарапшысы Шынар Елубаева, заңгер Асқар Қаймақов, Growth of Capitals қаржы пирамидасынан зардап шеккендер Гүлнәр Саньярова мен Жазира Смағұлова, жәбірленушілердің өкілі, заңгер Әлия Байзақова қатысады («Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация +7 (727) 250 35 28, +7 777 300 16 95 нөмірі немесе [email protected] поштасы арқылы жасалады).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00 – Халықаралық армия ойындары-2019 аясында «Эстафета» үшінші кезеңі (Қазақстанның қарулы күштері «Отар» 40-шы әскери базасының Гвардейский полигоны).

14 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – 1 Million Cups шаралар тізбегі басталады. Оны MOST бизнес-инкубаторы Asian Development Bank және Qaztech Ventures қолдауымен жүзеге асырмақ. Әр сәрсенбі сайын өтетін шарада стартаперлер сөз сөйлейтін болады. 14 тамыздағы күн тәртібінде – «Тұрақты туризм». (Costa Coffee кофеханасы: Kaisar Plaza сауда және ойын-сауық орталығы, Желтоқсан көшесі, 115, Бөгенбай батыр көшесімен қиылыста).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

11.00 – Халықаралық армия ойындары-2019 аясында «Сұңқарды аңға салу» байқауының «Эстафета» үшінші кезеңі. Сайысқа бес мемлекет – Ресей, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай қатысады (Қазақстанның қарулы күштері «Отар» 40-шы әскери базасының Гвардейский полигоны).

15 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалі ашылады. Фестивальді елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен «Современник» халық жастар театры ұйымдастырады (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

16.00 – Нұр-Сұлтандағы Үндістан күндері аясында «Ғажайып Үндістан: көркінен көз сүрінетін плюралистикалық мәдениет» атты фотокөрме өтеді. Көрме 19 тамызға дейін жұмыс істейді (Ұлттық академиялық кітапхана, Достық көшесі 11).

17.30 – Үнді мәдени фестивалі өтеді. Шара аясында Свами Вивекананди атындағы мәдени орталықтың оқытушылары мен студенттері арнайы мәдени іс-шара ұйымдастырады. Сондай-ақ йога ұстазы Трилока Нараяна Тарака арнайы мастар-мастер класс өткізеді. Сонымен қатар Арбат-Астана аумағында үнді косметикасы және шайы сатылады. (Арбат-Астана, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының маңы, Әзірбайжан Мәмбетов 1).

19.00 – Нұр-Сұлтандағы Үндістан күндері аясында «Үндістан дәмі: үнді асханасының фестиваль» шарасының ашылу салтанаты өтеді. (The St. Regis Hotel қонақ үйі, Қабанбай батыр, 1).

16 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00-19.00 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің қойылымдары. «Современник» театры байқаудан тыс Оскар Уайльдтың пьесасы бойынша «Как важно быть серьезным» спектаклін көрсетеді. Барлық қойылымға кіру тегін (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

20.30 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің жабылу салтанаты (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз