13 қазан күнгі ауа райы болжамы

0

Сейсенбі күні екі облыста үсік жүреді

13 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.