13 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алды: Мехикода метро көпірмен бірге құлады (видео)

0

Мексика астанасында метро көпірінің құлауы салдарынан 13 адам қаза тауып, 70-ке жуығы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Тиісті ақпаратты жергілікті билік таратты.

Бұған дейін Universal басылымы төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасай отырып, алты адамның қазасы және 80 жарақат алған деп хабарлады, деп жазады РИА Новости

Мексика астанасының мэрі Клаудия Шейнбаум өз кезегінде метро көпірі пойызбен бірге құлағанын айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Мехико қаласының оңтүстік-шығысында, Оливос және Тесонко станциялары маңында болған.