12 жеңгесі қайын сіңілісін өздері ұзатқан видео елді тәнті етті (ВИДЕО)

Dauletten парақшасында Дәулет Мұқаевтың командасындағы Шәміл есімді жігіттің қарындасының ұзатылу тойынан ерекше видео жарияланды.
Шәміл өзінің 5 қарындасы мен 1 інісі бар екенін айтып, ең үлкен қарындасын ұзатқанын бөлісті. Ұзатуда әулеттегі 13 немере келін бір түсті көйлек киіп, арнайы дайындалып, қалыңдықты шығарып салды.
«Менің 5 қарындасым, 1 інім бар екенін біріңіз білсеңіз, біріңіз білмейтін шығарсыз. Сол қарындастарымның ең үлкенін кеше ұзаттық. Әулетімізде 13 немере келін бар. Сол алтын жеңгелерім қарындасымды ұзату тойға өздері алып шықты. Әнін жазып, бір түсті көйлек киіп арнайы дайындалған. Абысын тату болса ас көп-деген осы екен.
Отбасылық өмірге қадам басқан қарындасыма мол бақыт тіледім. Сіздер де құрылған жас отбасыға жылы тілектеріңізді арнап қойыңыздар», — деп жазды Шәміл.