12 желтоқсан Страсбургте аза тұту күні болып жарияланды

0

12 желтоқсан Страсбургте аза тұту күні болып жарияланды.

Францияның шығысындағы Страсбург қаласында белгісіз біреу тұрғындарға оқ жаудырып, салдарынан үш адам қаза тапқан. Жаралағандар саны он екіге жетті. Оқиға қала орталығындағы сауда орнында болған. Осыған байланысты Францияда қауіптің ең жоғарғы деңгейі жарияланып, орталық толық қоршауға алынды. Енді қаладағы барлық тулар төмен түсіріліп, жәрмеңке жабық болады. Сондай-ақ бұл күні түрлі ойын-сауық шаралары өтпейді.

Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр. Франция ІІМ Кристоф Кастанердің мәлімдеуінше, 29 жастағы бұл ер адам қоғам үшін қауіптілер тізімінде болған.

«The Qazaq Times»