12 жасар қыз үшін өмірін қиған сержанттың отбасына 20 млн теңгеден аса қаражат төленеді
Суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп, қаза тапқан сержанттың отбасына 20 млн теңгеден аса қаражат төленеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-сұлтанда Есіл өзеніне батып бара жатқан қызды құтқарамын деп, қаза тапқан кіші сержант Ерлан Раимқұловтың отбасына өз өмірін өлімге тіге отырып, баланы аман алып қалғаны үшін материалдық көмек көрсетілетін болады.
Суға батып бара жатқан қызды көре сала, еш ойланбастан суға секіре кеткен сержанттың ерлігі елеусіз қалмады. Баланы құтқарамын деп, мерт болған батырдың жақындарына көмек ретінде мемлекеттен 20 млн теңгеден астам астам қаржы бөлінді.
Еске сала кетсек, 10 мамырда 38 жастағы кіші сержант Ерлан Раимқұлов Есіл өзенінде суға батып бара жатқан 12 жасар қызды құтқарымын деп, өзі батып кеткен болатын.
Қазақстан президентінің жарлығымен, ол қайтыс болғаннан кейін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады.
stan.kz