12 қазан ауа райы: Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

0
0

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 12-сі күнгі ауа райына болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігі әліде антициклонның ықпалында болғандықтан, қазанның 12-сі күні күн жауын-шашынсыз болады.

Тек Қазақстанның солтүстігі, орталығын және шығысының кей жерлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шығысында тұман, жолдарында көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Түнде кей жерлерінде тұман, жолдарында көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз