12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0

12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Дүйсенбі, 12 қараша кей өңірде қалың қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

«Қазақстан аумағында кей жерлерде жауын-шашын, негізінен қар жауады, оңтүстік-шығыста қалың қар жуады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, қатты жел соғады», — деп хабарлайды синоптиктер. 

12 қарашада өңірлерде қандай ауа райы болады?

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы — 15-20 м/с.

Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында тұман түседі, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с болады. 

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. 

Атырау облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысында кей жерде қатты жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, көктайғақ, күндіз боран соғады. 

Павлодар облысында кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады, бұрқасындатады. 

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде боран соғып, тұман түседі. 

12 қарашада республикалық маңыздағы қалаларда ауа райы қандай болады?

Астанада кішкене күн жылынады, ауа температурасы 8-10 градус аяз болады. 

Алматыда 5 градус аязға дейін күн суиды. 

Шымкентте де күн салқындайды, ауа температурасы 5-8 градус нөлден жоғары.