12 мамыр шаралар: Алматы, Нұр-Сұлтан

0

Sputnik Қазақстан 12 – 28 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда 16 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Бірақ карантиндік шектеулер өңірлерде біртіндеп алынады. Төтенше жағдай аяқталса да, бұқаралық және отбасылық шараларға тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер, көпшілік жиналатын басқа да нысандар жабық болады. Діни нысандар да әзірше ашылмайды. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

12 мамырға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10:00 —  «Металл Пром Групп» ЖШС аумағынан (Алматы, Төле би даңғылы, 189, Гагарин көшесінің қиылысы)  су тасқынан зардап шеккендерге арналған 70 тонна гуманитарлық жүк 8 көлікпен Түркістан облысы Мақтаарал ауданына аттанады. Қазақстан халқы ассамблеясы мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

18 мамырға жоспарланған шаралар

20:00 — «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Бұл жолғы қонақ – театр хореографы Рикардо Амаранте. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан көруге болады.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20:00 — «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев «Вальпургиев түні» бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz