«12 депутаттың 1-еуі қана төбе көрсетті»: Қосшы тұрғындары апат салдарымен күресіп жатыр

0

Қосшы қаласының тұрғындары нөсер жауынның салдарынан электр қуаты өшіп, бірнеше тұрғын үйдің жертөлесі мен цокольді қабатын су басқанына орай жиналыс өткізді. Оған әкімдік тарапынан ешкім келмеген,12 депутаттың ішінен 1 депутат қана көрінген, деп хабарлайды Kznews.kz.

Қалада тұрғын үй кешенінің кәріз-сорғы станциясы істен шығып, электр желілеріндегі апаттарды жою уақытында резервтік дизельді станция қосылған еді. Жағдайдан «Алтын орда» ТҮК, «Лесная поляна» ТҮК және «Академия» ТҮК жертөлелері зардап шеккен.

«Жаңбыр жаусу, жел тұрса Қосшының жарығы сөнеді, жарық сөнсе орталық конализация істен шығады. Ол істен шыққан соң дүкендер, цокольді қабатта тұрып жатқан тұрғындар зардап шегеді. Енді бұл мәселені шешудің жолын сұрап қала әкімі Қасеновты кездесуге шақырсақ, келе алмайтынын жеткізді. Осы Қосшы судың директорын кешеден келтіре алмай жатырмыз. Халықтың мұң-мұқтажын ойлаймын деп уәде берген 10 шақты депутаттың біреуін келтіре алмай отырмыз», — дейді тұрғындар.

Олар халық кәріздің лас суына батып жатқанда жауапты адамдардың келмейтініне наразы екендерін жеткізді.

«Одай жауапсыз депутаттардың, жауапсыз атқаушы биліктің не керегі бар? Халыққа қайта сайлау керек», — дейді тұрғындар.

Еске сала кетсек, Қосшы қаласында қатты нөменден кейін кейбір тұрғын үй кешендерінің жертөлелерін су басқанын хабарлаған едік. Нәтижесінде цокольдық қабаттар мен жертөле бөлмелерінде іс жүргізіп жүрген кәсіпкерлер зардап шеккен.