12-ақпанға арналған ауа-райы болжамы

0

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша 12-ақпан күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым облыстарының кей жерлерінде қар жауады, батыс, солтүстіқ-батыста және орталық Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде.

Алматы облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 17-22 м/с, жекелеге ауынында екпіні 28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Солтүстік-Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде – көктайғақ, Түркістан облысының күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz