11 желтоқсанда болатын шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы
11 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.00 – Отандық жеңіл өнеркәсібі өндірушілерінің алғашқы съезі. Жиында жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың нақты тетіктері талқыланады. Съезге өкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, «Атамекен» ҰКП, мәжіліс депутаттары мен ірі кәсіпкерлер жиналады. Шара жұмысына 100-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны, дизайнерлер мен ғылыми топтардың өкілдері қатысады. Съезд аясында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі мен «Жасампаздық энергиясы» Fashion көрсетілімі ұйымдастырылады (Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4. Аккредитация бойынша info@bigname.kz немесе +77051702972 нөміріне хабарласуға болады).
10.00 – Парламент мәжілісінің жалпы отырысы (Мәңгілік Ел даңғылы, 2).
11.00 – «Транстелеком» АҚ-ның ауылдық елдімекендерді интернет желісімен қамтамасыз ету жобасының аралық қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісі өтеді. Ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша кең жолақты интернетпен қамту жобасы 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқасында іске асты. Мақсаты – қазақстандықтар арасындағы цифрлық теңсіздікті жойып, ауыл тұрғындарына әлемдік желіге шығу үшін техникалық мүмкіндіктер ұсыну. Шараға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов, желілік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі атқарушы директор Айдар Мағзұмов, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасының ұйымдық даму жөніндегі орынбасары Елнар Адайбеков қатысады («Hilton Garden Inn» қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 15. Аккредитация: +7 707 863 83 21 немесе serzhanova@pressclub.kz).
11.00 – «Код сағаты» акциясы. Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев Alem бағдарламалау мектебіне барып, оны өткізу барысымен танысады. «Код сағаты» кең ауқымды акциясын 9-14 желтоқсан аралығында еліміздің барлық аймағындағы орта мектептерде Елбасы қоры, білім министрлігі, Love to Code және Method.kz өткізеді. (Alem бағдарламалау мектебі, Мәңгілік даңғылы, 4.5. Аккредитация press.fpp@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).
19.00 – Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығына арналған концерт. Концерт «FORTE-TRIO шақырады» іс-шаралар циклі аясында ұйымдастырылған. FORTE-TRIO музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық конкурстардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).
19.00 — Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті («Жастар» сарайы).
АЛМАТЫ
10.00 – China Trade Fair қытай тауарлары көрмесінің ашылуы. Көрме екі бағытта – China Homelife Kazakhstan 2019 және China Machinex Kazakhstan 2019 өтеді. 11-13 желтоқсан аралығында жұмыс істейді («Атакент» көрме орталығы. Аккредитация: +7 707 611 81 04, +7 707 611 81 03, +7 (727) 266 36 80).
11.00 – Қазақстан қор биржасының (KASE) медиа брифингі. Биржа нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады. Спикер: KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. (Almaty Towers көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280).
14.00 – Гаэтано Дониццетидің «Дон Паскуале» опералық қойылымына арналған баспасөз мәслихаты мен БАҚ-қа арналған жабық көрсетілім (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры).
12 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 – «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешені 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының «Желоқсан — тәуелсіздік рухы» тарихи-поэтикалық түсіндірмесін ұсынады. Сондай-ақ музейде 17 желтоқсанға дейін жалғасатын «Желтоқсан қаһармандары» көрмесі ұйымдастырылады («АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешені).
18.00 — Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған поэзия кеші (Nomad City Hall театры).
АЛМАТЫ
19.00 — Тәуелсіздік күніне арналған Мемлекеттік үрмелі ағаш аспаптары квинтетінің концерті. Көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 701 751 89 85).
13 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.00 — «Алтын сапа» атты Қазақстан Республикасы президентінің сыйлығына ие болғандарды және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсімі (ЭКСПО аймағындағы Конгресс-орталық, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 телефоны немесе pr@atameken.kz электронды пошта арқылы жасалады).
11.00 — Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік аманаты бабамның» поэзия кеші (Сәкен Сейфуллин музейі).
15.00 — Қала меценаттары балаларға инватакси мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырады («Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы).
23.00 — Urker тобының концерті (Smart, Music Pub The Bus БО, Қорғалжын тасжолы, 3. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).
14 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
11.00 – Оқушыларға арналған поэтикалық батлдың финалы. Биыл оған 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатысады.
Жеңімпазды анықтайтын критерийлер — сауатты таңдалған репертуар, оқу шеберлігі және әртістік. Маусым ішінде бес іріктеу сайысы өтті: «ПушкинЪ VS Пушкин», «Физики VS Лирики», «Ахматова», «Лермонтов VS Шевченко» және «Васильев». Финалға 12 қатысушы шықты. (Ресей ғылым және мәдениет орталығы. Байланыс телефоны: + 7 701 261 39 64).
11.00 – Нұр-Сұлтанда қыс маусымын ашатын жыл сайынғы шаңғымен сырғанау жарысы. Шаңғы жарысы бір шақырым қашықтыққа символикалық жүгіруден басталады. Әрі қарай барлық қатысушы жас санаттары бойынша бөлініп, әр топ әр түрлі қашықтықта сайысқа түседі. Қатысушыларды тіркеу 09.00-ден басталады (Елорда саябағының шаңғыроллер жолы).
12.00, 14.00, 16.00 – «Атамекен» қойылымы. Спектаклді 14 және 15 желтоқсанда көруге болады (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).
13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы «Щелкунчик» балеті («Nomad City Hall» театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).
18.30 — «Денистің достары» мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады («Барыс Арена» спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).
19.00 — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты концерт («Астана» концерт залы).
АЛМАТЫ
18.00 — Қазақстанның басты музыкалық марапаты Eurasian Music Awards 2019 жүлдесін табыстау рәсімі (Almaty Arena стадионы).
15 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).
11.00 – Қысқа метражды кино күні. Ресей ғылым және мәдениет орталығының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған. Кіру тегін (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39).
13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы «Щелкунчик» балеті («Nomad City Hall» театры, Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).
18.30 — «Мода со смыслом» қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).
АЛМАТЫ
10.00 — Kaz Brend Fest 2020 Қазақстанның қазіргі заманғы брендтері мен мәдениеті фестивалі (Форум СОО).
16.30 – «Созвездие голосов Казахской национальной консерватории имени Курмангазы» концерті. Орыс, шетелдік, қазақ композиторларының шығармалары мен халық әндері (La Bohême театры) шығармалары.
16 желтоқсанға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
18.00 — Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44).
НҰР-СҰЛТАН
10.00 — Жетім балалар мен күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына арналған жаппай тегін мұзда сырғанау («Қазақстан» спорт сарайы).
18.00 – «Жыл әні» концерті («Барыс Арена» стадионы).
18 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
16.00 – «Астанаэнергосбыт «ЖШС электр энергиясының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада сату бойынша шекті бағасының жоғарылағаны туралы қоғамдық тыңдау. Ұйымдастырушы: Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті. (Алматы ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, мәжіліс залы).
20 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 — Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі. Мерекелік жиынтықтар, жаңа жылдық үстелге арналған тәттілер, үй әшекейлері, зергерлік бұйымдар, аң терілері және тағы басқа заттар ұсынылады. Көрме 5 күнге созылады: 20-24 желтоқсан. («Көрме» көрме орталығы. Достық көшесі, 3)
22 желтоқсанға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
18.00 — QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).
26 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.30 — Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында «Щелкунчик» балеті. («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
sputniknews.kz