11 жастағы бала қарындасын қабаған иттен қорғап қалды

0

Павлодарда 11 жастағы бала қарындасын қабаған иттің шабуылынан қорғап қалды. Қарындасына қорған болған баланы ит тістеп алған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Қабаған ит шабуыл жасаған таңғы уақытта балалар сабаққа келе жатқан. 11 жастағы баланың айтуынша, көрші үйдің иті 7 жастағы қарындасына қарай жүгірген. Осы сәтте ағасы иттің жолына тұрып қалған. Оқушылар дереу үйіне барып болған жағдайды айтып , болған оқиғаны ата-аналарына айтқан  олар полиция шақыртқан.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері иттің иесін анықтап, оны итті ұстап, байлауға міндеттеді. Және оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңының 408 бабына сай 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды» ,  делінген облыстық полиция департаменті таратқан ресми мәлімдемеде.

Полиция қызметкерлері болған оқиға жайында ветеринариялық қызмет өкілдеріне хабарлаған.