11 жасар қыз Хэллоуиндегі кәмпиттерге инелер салған

0
11 жасар қыз Хэллоуиндегі кәмпиттерге инелер салған


Солтүстік Каролина штатының полициясы 11 жасар қызды Хэллоуин кезінде таратылған кәмпиттерге инелер салды деп айыптады.

«Trick or Treat» ойыны АҚШ-тағы  балалардың сүйікті ермектерінің бірі. Бұл ойында балалар құбыжық киімін киіп, өздерінің көршілерін «үркітеді» , ал оған қорқып қалғандар кәмпит немесе ақша береді. Шериф басқармасының хабарлауынша, полицияға  12 жасар баланың көршілерден жиналған тәттілердің біреуін жеп болғаннан кейін инелерден бірнеше ұсақ жарақаттар алғандығы туралы ақпарат түскен. Оның сөмкесінен тағы инесі бар тәтті табылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыз оларды «жарақаттау» үшін кәмпиттерге салған. Іс кәмелетке толмағандарға арналған сотқа жіберілген.