11 қазақстандық Арменияда өтетін сайлауды байқауға аттанады


Қазақстан Республикасының 11 өкілі Армения Республикасының Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясы. Оның екеуі Армения Республикасы Ортсайлаукомының шақыруымен, алтауы – ТМД байқаушылар миссиясының құрамында, екеуі – ТМД Парламентаралық Ассамблеясы желісі бойынша және біреу – ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында.
Қазақстан Республикасының өкілдері Ереванда, сондай-ақ Армения Республикасының Тавуш және Армавир облыстарында байқауды жүзеге асыратын болады.
2018 жылдың 9 желтоқсанында Армения Республикасында Ұлттық Жиналысқа кезектен тыс сайлауы өтеді. Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаттары 1 қарашада арнайы отырыста премьер-министрді екінші рет сайламағаннан кейін өз жұмыстарын тоқтатты. Кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа Армения Президенті ел Конституциясының талаптарына сәйкес қол қойды.
Асқар Алтайұлы