11 ақпан: Қазақстанда қандай жолдар жабылды
11 ақпанда Алматы облысындағы жолдарда қозғалыс шектелді
АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Бүгін Қазақстанда біраз тас жол жабылды, деп хабарлайды «Қазавтожол» компаниясы.
«Қазавтожолдың» ресми сайтында қазір қандай жолдардың жабық екенін көрсететін карта жарияланған.
Айта кетсек, Алматы облысында боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан 9 ақпанда сағат 15:00-тен бастап Үшарал – Достық жолының учаскесі жабылған: 83-184 километр (Көктұма ауылынан Достық ауылына дейін). Мұнда барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Сонымен қатар өңірде жүк көліктері үшін 10 ақпанда сағат 13:00-ден бастап Алматы – Өскемен жолының учаскесі жабылған: 482-552 километр (Көлбай ауылынан Үшарал ауылына дейін). Себебі: боран және жолдың дұрыс көрінбеуі.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазгидромет» синоптиктері хабарлағандай, бүгін Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде көктайғақ, желдің екпіні 22 м/с. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде боран соғады.
sputniknews.kz