Home Басты тақырып 108 миллион бюджет ақшасы: ШҚО әкімі Даниал Ахметовке тікұшақтар не үшін қажет?

108 миллион бюджет ақшасы: ШҚО әкімі Даниал Ахметовке тікұшақтар не үшін қажет?

Шенеуніктер 108 миллион бюджет ақшасын әуе көлігіне жұмсайды

0
394

Шығыс Қазақстан облысының әкім аппараты мемлекеттік сатып алу порталына қызықты хабарландыру жариялады.

Хабарландыруда әкімдік 108 миллион теңгеге тікұшақ қызметін сатып алатындықтарын жазыпты. Яғни 1-ші және 2-ші класстағы тікұшақ  жұмыс күндері ғана емес, демалыс және мерекелерде де арлы берлі ұшып қызмет көрсетуі тиіс. Байқау ережесін  әкімдіктің өзі бекіткеніне  қарағанда,  заңды сұрақ туындайды, Даниал Ахметов демалыс және мереке күндері ұшып қайда барады? Мүмкін өзінің жеке серуендеуіне пайдаланайын деп тұрған шығар ? – деген сұрақ туындайды.

Әкім бір тендерді 3 лотқа бөлген. Бірінші класстағы тікұшақ бюджетке  106 миллион теңге салмақ салса, ал, 2-ші класстағы техника 2 миллионға бағаланыпты.

Бірінші класстағы әуе кемесін Даниал Ахметовтың  өзі пайдаланатындығының бір белгісі, МИ-8 тікұшағында 22 жолаушыға арналған жұмсақ креслосы болуы тиіс екен. Аппарат осы талапты нақтылап көрсетіп қойған.

«Тікұшақ кемеде 22 адамды фюзеляждың ішінде алып жүруі, сондай-ақ салон ішінде салмағы 3000 кг-нан аспайтын жүктерді, оның ішінде жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз етуі керек», – деп көрсетілген техникалық құжаттарда.

Қойылған талаптарға мән берсек, әкімнің облыстан басқа аймақтарға ұшпайтыны белгілі. Бірақ , дегенмен Шығыс Қазақстан облысы өзінің тұмса табиғатымен көз тартатыны анық. Сондықтан, бұл аймақта демалатын орындар жеткілікті. Соған қарағанда Даниал Ахметов демалыс және мереке күндері серуенге көп шығатын сияқты ма ? деген сұрақ өзінен-өзі туындайды.

Әкім жыл бойына 143 сағат әуеде ұшуға мүмкіндігі бар. Тасымалдаушыларға қойылатын ең басты талап та сол, кез-келген уақытта тікұшақ ұшуға сақадай-сай тұруы керек. Егер бұйрық ауызша түссе де бір сағаттың көлемінде әкім әуеге көтерілуі тиіс. Тасымалдаушының 2 ұшқышы болуы керек.

Екінші лот бойынша да талап бірдей. Тек басты айырмашылығы бортта 6 адам болуы керек және 700 келі жүк тиеуі шарт. Ал ұшу сағаты  5-тен аспауы керек.

«Соған қарағанда әкім бұл тікұшақпен не істемек?ә деген тағы бір сауал туындайды. 1-ші ақпанда бұл тендерге жарияланған байқаудың уақыты аяқталады екен.

Былтыр әкім жарты жыл бойы 86 миллион теңгеге тікұшақ жалдап ұшқандығы жайлы ақпарат бар. Бәрінен де салық төлеушілердің қалтасына түскен салмаққа қарағанда ең қымбат ұшу бағыты 14 миллион теңгеге бағаланыпты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тікұшақтарды жалға алу  «авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу міндеттерін шешу, су тасқыны кезеңіндегі гидротехникалық құрылыстардың жағдайын, орман алқаптарын және төтенше жағдайларды жоюды» шешу үшін қажет деп санайды

Алайда бүгінде ешбір кептеліссіз, жайлы жағдайда әдемі табиғатта серуендеу қауіпсіз әрі індет жұқтырмаудың бір көрінісі екенін түсінеміз.

Кептелісте тұрмау бір жағынан кезекті көрініс екені рас. Мәселен, 2019 жылы Ақтөбе облысының әкімі де тікұшақпен қатынау  қызметінің өте қымбатқа түскені жайлы мәлімет тарағаны естеріңізде болар. Сол кезде ол ауылға 4 сағатта көлікпен жетудің орнына тікұшақ жалдай салғаны үшін сынның астында қалған еді.