1000-нан астам қазақстандық карантинге жабылды
Денсаулық сақтау министрлігі 9 наурыздағы коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Барлығы, 9 наурызда 77 адам дене қызуымен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауруханаға жатқызылды, олардың 17-і 1-санаттағы б); 2 санат бойынша — 31 адам; 3 санатта — 29 адам. Оның ішінде 32 адам шығарылды.
«Мониторингке барлығы 4084 адам тартылды, оның ішінде 1053 адам бірінші санаттағы а) тобында, 182 адам бірінші санаттағы б) тобында, 2849 адам 2-ші санатта, 408 адам ғана бақылаудан шықты. 9 наурыздағы жағдай бойынша, тек 3676 адам бақылауда қалады», — делінген хабарламада.
Қосымша бақылау үшін Алматы қаласындағы Айқымбаев атындағы қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР диагностикалау әдістемесін анықтай алады.
Сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет екенін еске салды:
— қолдарыңыз бен беттеріңізді сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
— спирттелген антисептиктерді қол сүрту үшін қолданыңыз;
— адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
— науқас адамдармен байланыста болмауға;
— суықтың белгілері пайда болған жағдайда (безгегі, мұрынның бітелуі, жөтел) дәрігермен кеңесу керек.
stan.kz