«100 млн жұмсап тастағам, бәрі далада қалды»: Айнұр Тұрсынбаева қайғылы оқиғаға тап болды
Ешкімді көргім келмей, ешкіммен сөйлескім келмей қайғырып отырсам, екінші суық хабар келді деді ол…
Kznews.kz басылымының хабарлауынша, танымал айтыскер ақын, қазіргі уақытта әлеуметтік желіде коуч-психолог ретінде танымал Айнұр Тұрсынбаева екі бірдей ауыр жайтты айтты. Айтыс өкілінің сөзінше, жеке парақшасын хакерлер бұзып алған көрінеді. “Бір сәт! Өмір деген қызық, иә… Арғы күні ғана инстадан жарқырап шығып, ертең керемет хабар айтамын деп отырған едім.. Ертесіне оянсам, инстаграмым жоқ. Хакерлер бұзып тастапты. Үлкен проект бастағанбыз, бүкіл масштабқа шыққан мықтыларды жинағанбыз, 100 миллионнан аса қаржыны жұмсап тастағанбыз. Парақша жоқ. Проект далада қалды. Хакерлерге шықтық. Парақшаны қайтару құны 1-3 миллионның арасында деді. 2013 жылдан бері 4 миллион 1 жүз мың оқырман жиналған екен. Қаншама Аллаға тапсырдым десем де, жүрек құрғыр дүрсілдеп, жылағым келді.. Бұл да бір отбасым еді ғой деген қимастық жанымды ауыртқаны рас», – деп жазды ол.
Одан кейін коуч-психолог өнердегі құрбысы, марқұм Құрманай Бақтиярқызының қайтыс болғанын естіпті. «Ешкімді көргім келмей, ешкіммен сөйлескім келмей қайғырып отырсам, суық хабар келді… Өткенде ғана Шымқалаға барғанда алдымнан жарқырап шыққан Құрмашым бақилық болыпты… Кеше бар, бүгін жоқ деген – осы… Шымқалада кездескен кезде шайға шақырған.. «Уақытым тығыз, келесі жолы» деп кеткенмін… Келесі жолы бұйырмады. Кейін сөйлесеміз, кейін кездесеміз деп қаншама адамнан қашқақтап жүрміз… Адам өлгенде ғана, алтын жоғалғанда ғана қиналатынымыз неге екен… Барды бар деп неге бағаламайды екенбіз… Инстаграм деген уайымдайтын дүние ме, жұрттар анасынан, баласынан да айырылып жатыр ғой деген ой мені жатқан жерімнен жұлып алды…. Құрманай қазақтың асыл қызы еді, ақ жүрек еді… Алтындарым, өлмейтін адам жоқ…
Инстаграммен лайк басумен шектелмейік…Жақындарыңызға жылы сөздеріңізді арнап, жүздесіп тұрыңыздар… Ертең өледі де қалады… Ешкімге ренжімей, аман жүрейік. Инстаграмды 2 жылқы беріп қайтарып алдым… Инстаграмды емес, сіздерді сақтап қалдым», – деді Айнұр Тұрсынбаева.