10 жылда Қазақстанда не өзгерді? — новости Казахстана
Әлеуметтік желіде 10 years challenge деген науқаны жүріп жатыр. Осы онжылдықта елімізде қандай өзгерістер болғанын Еуразия бірінші арнасы анықтады.
1. Баға бірнеше есе өсті
2009 жылы нан бағасы 35 теңге болса, қазір 80 теңгеден асады. Бір доллар 121 теңгені құраса, биыл 370 теңгеден асқан.
2. Шикізат өндірісі артты
10 жыл бұрын 14 мың тонна уран өндірілсе, қазір 22,7 миллион тонна өндіріп рекорт жаңартылды.
3. Жалақы мөлшері сәл ғана өсті
2009 жылы ең төменгі жалақы 13 мың 400 теңге деп белгіленген. Ал биыл жыл басынан бері 42 мың 500 теңге болып бекітілді.
4. Несие алушылар саны өскен
2009 жылы банктен алынған кредиттер 20,6 пайыз болса, мүлдем өтелмегендері 5,2 пайызға жеткен. Ал биыл алты миллион адамның басында несиесі бар екені анықталды Соның 1,5 миллионы қарыз қайтаруға қауқарсыз.
5. Еліміз әлемге танымал болды
10 жылда елімізді әлемге танытқан таланттардың жұлдызы жанды. Димаш Құдайбергенов 2010 жылы «Звонкие голоса Байконура» фестивалінде алғашқы жүлдесіне ие болды.
Он жылдықтың үлесіне кіретін 2017 жылы «I’m a singer» жобасында өнер көрсетіп, жаһанға атағы жайылды.
Дереккөз: kaz.nur.kz