10 желтоқсан. Туған күн иелері

0

2018 жылғы 10 желтоқсан 08:08

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін, яғни 10 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


10 желтоқсан. Туған күн иелері 73 жыл 
бұрын (1945) Қазақстанның Халық қаһарманы Мұхтар Қапашұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1977), Г.К.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын (1985) бітірген.

Еңбек жолы: Кинель-Черкасск оқу-жаттығу авиация орталығының курсант ұшқышы (1965-1966); Киров атындағы (Қарағанды) шахтаның үңгушісі (1962-1969); Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, дивизия командирінің орынбасары, командирі (1969-1985); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясының тыңдаушысы (1982-1985); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы командирінің орынбасары (1985-1988); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі (1988-1992); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі — Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары (1992-1993); Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы (1993-1996); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (1996-1999); Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы (1999-2001); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (2001-2007); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің міндетін атқарушы (17.06.2009-25.06.2009); Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Штаб басшылары Комитетінің төрағасы (2007-2010); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2010-2017).

ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» (1978), ІІ дәрежелі «Барыс» (2003), «Халықтар достығы» (РФ), ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Достастығы (2015) ордендерімен; «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызымен, «Отан» орденімен, ҚР және шет мемлекеттердің көптеген медальдарымен наградталған.


10 желтоқсан. Туған күн иелері 46 жыл
бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Берікбайұлы ТЕМІРБОЛАТ дүниеге келді.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мүдделердің саяси өкілдігі: эволюция және қазіргі заман (ҚР мысалында)» тақырыбы бойынша саяси ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады.

1998 жылдан 2007 жылға дейін — Президент Әкімшілігінде және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында түрлі қызметтер атқарған; 2007 жылдан 2018 жылға дейін — ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары. Қазіргі қызметінде — 2018 жылдың ақпан айынан бастап.

 «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

10 желтоқсан. Туған күн иелері 45 жыл бұрын (1973) ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК басшысы Ризат Рахатбекұлы НҰРШАБЕКОВ дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Алматы энергетика институтын «Радио байланыс, радио хабарларын тарату және телевизия» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын Республикалық МЭИ бөлімінде инженер болып бастады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникация және туризм министрлігі Көлікті бақылау комитетінің Байланыс саласын бақылау басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2001 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Байланыс саласын және РЖС пайдаланылуын жоспарлауды лицензиялау басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2003 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде қызмет етті. Алғашқыда Мемлекеттік бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, 2005 жылғы наурызда Мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаментінің директоры, 2006 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2007 жылғы ақпанда «Қазақтелеком» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды. 2012-2014 жж. — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы. 2014-2018 жж. — «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде — 2018 жылдан бері.

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. 


10 желтоқсан. Туған күн иелері 42 жыл
бұрын (1976) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік басқармасының төрағасы Нұрлан Жетпісұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997), Стенфорд бизнес мектебін (2009) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «Жезқазғантүстіметалл» АҚ экономисі болып бастаған. 1997-2001 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінде жетекші, бас маман, бөлім басшысы болған. 2001-2002 жылдары «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, 2002-2003 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде басқарма басшысының орынбасары, 2003-2004 жылдары «Маркетингтік-аналитикалық зерттеу орталығы» АҚ басқарма басшысының орынбасары, 2004-2006 жылдары осы мекеменің басқарма басшысы, 2007 жылы «Қазына» тұрақты даму қоры АҚ басқарма басшысының кеңесшісі қызметтерін атқарды. «CNRG Capital» инвестициялық компаниясының директоры (2007-2010); «Қазақстанның даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі (2010-2011); «Қазақстанның даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары (2011-2013); ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары (2014-2015); «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Директорлар кеңесінің мүшесі (2016).

Қазіргі қызметінде — 2016 жылдың ақпан айынан бастап.

 


10 желтоқсан. Туған күн иелері 37 жыл
бұрын (1981) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерді дамыту департаментінің директоры Ержан Бексұлтанұлы ТҰТҚЫШЕВ дүниеге келді.

Еңбек жолын 2004 жылы Санкт-Петербург қаласында «Маркетинг және сауда бойынша Дж.Т.И.» (Japan Tobacco International) бухгалтер қызметінен бастады. Кейін «Қазақстанның даму банкі» АҚ Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас менеджері болды. Ernst & Young және PricewaterhouseCoopers халықаралық консалтингтік компанияларында жұмыс тәжірибесі бар. Түрлі жылдары «Астана-финанс» АҚ, «Самұрық-Казына Инвест» ЖШС, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы лауазымдарда еңбек етті. 2014 жылдың шілдесінен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі директорының орынбасары, жаңа салаларды дамыту жөніндегі тең-басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2018 жылдың қаңтарынан «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді дамыту департаментінің директоры. Урбан-Шампейндегі Иллинойс университетінің қаржы магистрі дәрежесін иеленген (University of Illinois at Urbana-Champaign).