«10 жас үлкен деп менсінбедім»: Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағаливпен алғаш танысқан сәтін есіне алды

0

Көпшілік сүйіп тыңдайтын “Ғашықтар әнінің” орындаушысы Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі “Гүлдер” ансамблінде жүргенде танысқан көрінеді.

“Менен 10 жас үлкен деп “аға” деуші едім, ақыры 20 жас үлкен ағаң қағып алды ғой”, – деп әзілдеді халық әртісі.

Желі қолданушылары өнер иелерінің керемет үйлесетінін жарыса жазып жатыр.

“Осы әнді тыңдай бергім келеді”, “Керемет жансыздар”, “Кезінде халық екеуіңізді қосып еді”, “Классикалық ән болып қала береді”, – деп жазды көпшілік.

Одан кейін әнші Сембек Жұмағалиев те естелігін бөлісіп, халықты күлдірді.

“Мен өзім Атырау жақтың тумасымын. Осы дуэттен кейін ауылдың кемпірлері “Мақпал – біздің келін” деп жүрді. Біздің жолымызды тоғыстырған осы ән десек қателеспейміз. Шығармашылық байланыс орнаттық. Бір жолы Мақпал: “Менің жігітім бар, Сембектің қызы бар” деп ағынан жарылды. Қанша жыл өтсе де, әлі күнге дейін ескірмейді”, – деді өнер иесі.

Еске салайық, «9-сынып оқушысы едім» деп Мақпал Жүнісова «Гүлдер» ансамбліне қабылданған сәтін есіне алған еді.