10 шілдеде ауа-райы қандай болады

0

Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері Қазақстанда 10 шілдеде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде ғана күн ашық болады деп болжануда.

Дабылды ескерту

  • Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді.
  • Батыс Қазақстан облысында да найзағай ойнап, бұршақ жауады.
  • Қызылорда облысының тұрғындарын сәрсенбі күні аптап ыстық күтіп тұр – Цельсий бойынша 42 градус.
  • 10-12 шілдеде күндіз еліміздің оңтүстігінде, Түркістан облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады деп болжануда – 40-43 градус. Сондай-ақ, мұнда сәрсенбіде шаңды дауыл көтеріліп, жылдамдығы секундына 20 метрге жететін жел тұрады.
  • 10 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн күркірейді деп болжанып отыр.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстанның астанасы – Нұр-Султанда көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 29-31 градус ыстық болады.

Алматыда сәрсенбі күні күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде 19-21 градус, күндіз 30-32 градус ыстық болады.

Шымкентте аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды. Мұнда 10-12 шілде күндері күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Сәрсенбі күні шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжануда.

Аймақтардағы ауа райы

  • Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін күшейеді.
  • Алматы, Қостанай, Ақтөбе облыстарында, түнде Қарағанды ​​облысында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуі мүмкін.
  • Атырау облысында кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
  • Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай және Қарағанды ​​облыстарының кейбір жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.
  • Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.



sputniknews.kz