10 сәуірде Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі мүмкін – мамандардың зерттеуі – Қазақстан жаңалықтары

0
4

Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА) Қазақстандағы Covid-19 коронавирусының таралу үлгісін жасап шығарды. Мамандардың пікірінше, 10 сәуір сүні елмізде ауруға шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қазақстандағы коронавирустың таралу үлгісі әлемдік статистикалар негізінде жасалды.  

Мамандар олар келтірген заңдылықтың Қазақстанда ауруды жұқтырғандардың саны 100-ден асқаннан кейін сақталатынын атап өтті. Осылайша сарапшылардың пікірінше 23 наурыз күні елімізде індетке шалдыққандардың саны 100 болуы керек екен. 

Үлгіге негіз ретінде мамандар 19 наурыз-10 сәуір аралығын, яғни үш аптаны қарастырған. Олардың пікірінше, бұл болжамның қорытындысы жағымсыз. Қазақстандағы жағдай Еуропа мемлекеттері секілді ушығуы мүмкін көрінеді. 

Әлемдік статистикалар бойынша, дүниежүзіндегі ауруға шалдыққандардың көрсеткіші 33%-ды, ауруханаға жатқызылуы керек науқастардың көрсеткіші 20%-ды, ал қарқынды терапия қажет науқастардың көрсеткіші 5%-ды құрайды екен.

Мамандар коронавирусқа шалдыққандардың тек 14%-ы ғана дереу анықталатынын айтып кетті. Ал қалған науқастардың 86% ескерусіз қалып жатқан көрінеді. 

Сарапшылардың болжауынша, 10 сәуір күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 16 956-ға жетеді екен. Зерттеу авторлары науқастардың саны негізінен 220 мыңға жететінін алға тартты. Десек те олардың барлығы анықталмай, өздігінен емделіп шығатын сыңайлы. 

Ең бірінші өлім Қазақстанда алғашқы науқас тіркелген күннен бастап 17 тәуліктен кейін анықталады екен. 

Мамандар егер 23 наурыз күні науқастардың саны 100-ге жетпесе, болжам уақыты тек алға жылжып отыратындығын айтып өтті. Коронавирустың өлім деңгейінің статистикасы әлем бойынша 3%-ды көрсетіп тұрған көрінеді. 

«Мемлекет тарапынан атқарлып жатқан шаралар коронавирустың таралмауына айтарлықтай септігін тигізуде. Сондықтан алдағы уақытта жағымды өзгерістердің орын алатындығына сенуге болады», – дейді зерттеушілер. 

Сондай-ақ ЦАРКА Қазақстандағы коронавирустың таралу үлгісі Т. Пуэйо және Johns Hopkins University ұсынған зерттеулерге сүйеніп жасалғанын есеріп өтті.

Еске салайық, қазір Қазастанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 80-ге жетіп отыр. Олардың екеуі аурудан сауығып шығыпты. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз