“10 рет сәтсіз ота” — “Елдос Колобок” әлеуметтік желіде әйеліне әсерлі жазба арнады

0

Блогер Елдос Кәдірханов әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Таңшолпан Шотаеваға арнап жазба қалдырды. Олардың отбасы болғандарына 8 жыл болған. 

“Біздің отбасымызға – 8 жыл. Уақыт деген аямай, зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша «Бүгін бізге 80 жыл болыпты» деп отырайық. Бақытты, ұзақ, мәнді, көңілді өмір сүрейікші. Отқа да, суға да қол ұстасып бірге. Жарқын болашаққа кеттік”, – деп жазды желі жұлдызы.

Ол бар қиындыққа қарамастан жанында болған жұбайына шексіз алғысын жеткізді.

“Сөз салғанымда «жоқ» деп айтатын еді. Сол үшін алып қашып кеттім. Қазір енді кеш. Дегенмен бүгін біздің отауласқанымызға 2920 күн болған екен. Қатты жылағанда жұбатты. 10 шақты ауыр ота нәтижесіз аяқталғанда жанымда болды. Ақша жоқ кезде тастап кетпеді. Жеңісті де, жемісті күндерде қасымда қалды”, – деп жан сырын ақтарды блогер.

https://smartnews.kz/news/15069-10-operatsiya-satsiz-bolsa-da-zhanymda-kaldy-eldos-kolobok-ajeline-algys-ajtty